Мешіт жамағаты арасында кіші қажылық жолдамасы ойнатылды (ФОТО)

12 қаңтар 2019 7102 0
Оқу режимі

Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты арасында кіші қажылық жолдамасы ойнатылып, бағалы сыйлықтар үлестірілді. Мешіт ғимаратында шаш қысқартып, шаштараздық қызмет көрсетумен айналысатын «Аяжан» серіктестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Шаш қысқартып, кіші қажылық жолдамасын жеңіп ал!» атты акция басталған болатын.

Акция тәртібі бойынша шаштараз орталығының қызметіне жүгінген әрбір келушінің дерегі арнайы қағазға жазылып, ұтыс жәшігіне салынып келген болатын. Ал, өз істерінің шебері атанған ағайынды Нұржанат және Ержанат Данияровтар еңбекақыларының 30 пайызын осы жүлде үшін арнайы жинауға кіріскен еді. Осылайша, жыл бойы ұтыс жүлдесіне қаржы жинаған қайырымды жандар кеше жамағат алдында жәшіктен қағаз суырып, қасиетті сапардың кімге бұйырғанын анықтады.

Бұдан бөлек, қатысушылар арасында жайнамаз, қабырға сағаты мен қабырға суреттері секілді бағалы сыйлықтар ойнатылып, бағы жанған қатысушыларға таратылып берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру