МЕШІТТЕГІ ТӘЖІРИБЕДЕ ЖҮРГЕН ҰСТАЗДАРҒА ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

12 маусым 2024 226 0
Оқу режимі

«Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне дәріс беретін тәжірибеде жүрген ұстаздарға арнайы жиын өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы балаларға дәріс беріп, бойларына имани қасиеттерді сіңіру барысында есте сақтап, мән беру қажет болған мәселелер төңірегінде баяндады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтып өткеніндей ең бастысы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы екенін жадқа салды. «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» оқулықтары бойынша дәріс жүргізудің арнайы методикаларымен таныстырды.

Сонымен қатар, жиынға психолог, мінез-құлық психотерапиясының және анализінің сарапшысы Бақытгүл Сәбитқызы арнайы шақырылып, балаларға білім үйретуде тиімді жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін бөлісті.

1 адам және "КШИСТИМСЫМИАНАРНДНиЕБАСаАРиАСЫ ДНИ АнМуСЫЛМАНДАРЫ ДИНИБАСКАРМАСЫ ACTAHA КАЛАСЫ АСТАНАКАЛАСЫЕКΙЛДΙΙ ΘΚΙΛдΙΓΙ БАЛАНЫН ЖΥΡΕΓΙНΕ ЖОЛ ТАБу БАЛАМЕн ΤИΙΜДΙ ЖУМЫС ICTEN, AIHAI УЙРЕТУДИН ЖОЛДАРы I/ ИМА DELUXE" мәтіні кескіні болуы мүмкін

6 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

8 адам және орамал кескіні болуы мүмкін

1 адам, орамал және тұғыр кескіні болуы мүмкін

12 адам, орамал және тұғыр кескіні болуы мүмкін

4 адам, орамал, тұғыр және "f ИМАНИ" мәтіні кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру