«Мейірімділік мекені» шарасы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

01 ақпан 2021 4203 0
Оқу режимі

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шара барысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық танытып отырған 7 отбасына қаржылай сый-сыяпат жасалды. Шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов пен «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов қатысып, келген отбасыларға ақ тілегін айтты.

Сауапты шараға «Сауап» белсенділер тобы демеу көрсетті. Айта кетейік, «Сауап» белсенділер тобы бұған дейін де мешіт қабырғасында ұйымдастырылып жүрген түрлі қайырымдылық шараның ұйытқысы болып, қолдау білдіріп келеді.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов «Сауап» еріктілер тобының белсенділік танытқан мүшелеріне алғыс білдіріп, кәсіптері мен мал-дүниесіне береке тіледі. Игі шарада ерекше күтімді қажет ететін балалардың еміне деп берілген қаражатқа ата-аналар разы болып, «Сауап» тобы мүшелеріне, мешіт ұышымына ризашылық білдірді.

Пікірлер Кіру