Миссия жұмыс тобы барлық қажылық фирмаларын тексеруді аяқтады (ФОТО)
Арнайы құрылған Қазақстан қажылық миссияның жұмыс тобы компанияларды тексеруді аяқтады.
Соңғы бақылау жұмыстары «Аңсар круиз», «Робинзон» және «Хикмет трэвел» фирмаларына жасалды. Осылайша миссия бір аптада 18 компанияны толықтай тексеріп, қажылардың жағдайымен жіті танысты. Олар да өз кезегінде сапаны арттыруға байланысты талап тілектерін жеткізді. Ендігі мақсат келер жылы қажыларымызға биылғыдан да жоғары қызмет көрсету жағын назарда ұстаймыз деді миссия төрағасы, наиб мүфти Алау Әділбаев. Өйткені кейбір фирмалар алған қонақүйлер Қағбадан алыс орналасса, кей мейманханалар талапқа сай келмей жатты.
Жұмыс тобы компания басшыларына олқылықты дер кезінде түзеуге тапсырма берді. Бұлай дейтініміз әрбір қажының қалтасынан шыққан қаржыға сервис те сай болу керек. Одан бөлек фирмалар әкелетін гид мәселесі, тамақтану, қоғамдық көліктермен қажылардың Қағбаға жетуі, киімнің біркелкілігі, қолсөмкелердің таратылуы бәрі де есепке алынды.
Қорытындысы қажылық маусымы аяқталған соң жарияланады.
Дереккөз: muftyat.kz