Миссия жұмыс тобы қажылардың жағдайымен танысуды жалғастыруда(ФОТО)

06 тамыз 2019 5268 0
Оқу режимі

Бүгін әдеттегідей Қазақстан қажылық миссиясының жұмыс тобы бірнеше компанияға тексеріс жүргізді.

Атап айтқанда, «Әл Маруа», «Нұр Қазақстан», «Sanabil», «Сембекова», «Ордабасы» және «Иман трэвел» фирмаларының орналасу жағдайымен танысты. Миссия бірінші кезекте қойылған талаптар бойынша анкеталық сауалнамаға жауап алды. Көп ұзамай миссия төрағасы Алау Әділбаев бастаған жұмыс тобы ас мәзірінен бастап, асханадағы кезек, тамақ сапасы, бөлмелердегі желдеткіш, дәретханалардың тазалығы мен қонақ үйлердің Қағбаға алыс жақындығына дейін тексерілді.

Сондай-ақ қажыларды Қағбаға жеткізу үшін бөлінген автобустар мен ұлттық рәміздердің әр қонақүйде жарқырап тұруына ерекше ден қойылып отыр. Тексеру барысында бірнеше фирманың айлық және апталық бағдарламалары жоқ болып шықты. Миссия жұмыс тобы оларға ескерту жасап, арнайы белгіленген стандарт бойынша талап күшейе түсетінін жеткізді. Дегенмен рейд барысында көптеген компаниялардың саннан сапаға қарай ауысып келе жатқаны қуантты. Бұл өз кезегінде әрбір қажының еңбек етіп жиған тиынының қайтарымы болып қала бермек.

Шара барысында дәрігерлер тобының жетекшісі Біржан Досмаилов сөз алып, аптаптан қорғану жолдарын түсіндіріп, науқастанған жандарды жеке қабылдады. Мұндай тексеру жұмыстары тағы да жалғасын табады.

Пікірлер Кіру