МҮФТИЯТТА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ (ФОТО)

18 наурыз 2024 1401 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен Аппарат жиналысында жаңадан тағайындалған бөлім басшыларын таныстырды.

Атап айтқанда, Бас мүфти бұйрығымен Діни басқармада жаңадан Стратегиялық талдау және даму бөлімі ашылып, оның меңгерушісі болып Смайыл Сейтбеков тағайындалды. Ал Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне Хасан Аманқұл, Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы болып Данияр Кенжалин тағайындалды.

«Мүфтият жұмысын одан әрі жандандыра түсу үшін Стратегиялық талдау және даму бөлімін ашу жөнінде жыл басындағы Бағдарлық баяндамамда айтқан болатынмын. Бұл бөлімнің жұмысын дін саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар Смайыл Сүйерқұлұлына тапсырып отырмыз. Бұрын медреселерде ұстаздық қызмет еткен Хасан Ташайұлы да Діни білім және кадр даярлау бөлімінің жұмысын жетілдіре түсетініне сенімдіміз. Ал Данияр Айтбайұлы діни оңалту саласында облыстық мешіттен бастап тәжірибе жинақтап, мүфтиятта да жемісті қызмет атқарып келеді. Жаңа тағайындаулар құтты болсын, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру