МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

17 қазан 2022 2221 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға «Әзірет Сұлтан» мешітінде мерекелік дастархан жайылды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай жайылған дастарханға 50-ден астам қонақ шақырылып, арнайы дәм татты.

Келген қонақтарды Астана қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мерей Жақия қарсы алып, құттықтау лебізін білдірді. Мәуліт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, жамағатқа насихат айтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру