«MUNARA TV» ҚАДІР ТҮНІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҰСЫНАДЫ

05 сәуір 2024 427 0
Оқу режимі

Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.

Атап айтқанда, «Munara TV» арнасы елордасы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттен ұсынатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

21:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.
Сондай-ақ орталық студияға арнаның аймақтардағы тілшілері тікелей қосылым жасайды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру