Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

15 мамыр 2020 5107 0
Оқу режимі

ҚМДБ Елорда өкілдігінің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 200 отбасыға қуаныш сыйлаған игі шара болып өтті. «Әр-Рахман» мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының шеткі аймақтарында орналасқан тұрмыс жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

 «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап келе жатқан «Gentlemen`s club» белсенділер тобының мүшелері қайырымдылық шарасынан басынан табылып, қасиетті айдағы сауапты іске өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, азық-түлік қоры салынған қайырымдылық пакеттерін тізімдегі жандардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп беру жұмыстарын өкілдік қызметкерлері мен Бас мешіт жанынан құрылған «Sharapat» еріктілер орталығының мүшелері ұйымдастырып келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру