МЫСЫРДА ОҚЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

02 тамыз 2024 1372 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Мысыр Араб Республикасына іссапармен барған наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Каирде білім алып жатқан қазақстандық шәкірттермен кездесті.

Кездесуге Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов және ҚМДБ-ның осы елдегі өкілі әрі «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Руслан Серғазиев та қатысты.

Алғашқы сөз тізгінін алған Сансызбай Құрбанұлы шетелде оқып жатқан студенттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе отырып, Діни басқарманың діни оқу-ағарту бағытында атқарып жатқан жұмыстарды, елде діни білім алу үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайында әңгімеледі. Сондай-ақ осында оқып жатқан барлық шәкіртті жат діни идеология жетегінде кетпей, ҚМДБ-ның Мысырдағы «Талабалар» қауымдастығы маңайына шоғырлануға шақырды.

Ал Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы өз сөзінде қазақстандық азаматтарды шетелге діни оқуға жіберу мәселелерін реттеу және сонда оқып жатқан студенттермен тығыз байланыста болудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар келген қонақтар студенттердің  қойған түрлі сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру