МЫСЫРДА ПӘТУА ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

02 тамыз 2024 1352 0
Оқу режимі

Мысыр Араб Республикасының Пәтуа беру орталығына қарасты Әлемдегі пәтуа органдарының бас хатшылығының ұйымдастыруымен Жоғары Мәртебелі МАР Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси мырзаның қамқорлығымен 29-30 шілде күндері Каир қаласында «Қарқынды дамыған әлемдегі пәтуа беру мен адамгершілік негіздері» атты IX халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Екі күнге созылған халықаралық іс-шараға әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен мүфтилер, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен жиынға наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл қатысты.

Жиында бүгінде жылдам өзгеріп, дамып жатқан жағдайда пәтуа беру мен оның этикалық негіздері жайында мәселелер талқыланды, сондай-ақ мұсылман және араб мемлекеттерінің пәтуа беру орталықтары арасында жақсы қарым-қатынастың маңыздылығы айтылды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру