НАИБ МҮФТИ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

02 қазан 2023 1037 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы Астана қаласының өкілдігіне қарасты барлық қалалық мешіттің бас имамдары мен дін қызметкерлеріне, ұстаздарына арнайы семинар өткізді.

ҚМДБ жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Құран тәпсір тарихы» тақырыбында өткен бұл басқосудың негізгі мақсаты имамдардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіру, жаңа деңгейге көтеру болып табылады.

Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы кездесу барысында имамдар мен дін қызметкерлерінің этикалық (зайырлы мемлекеттің заңдары мен ережелерін толық білу, қарапайымдылық,  көпшіліктің алдында уағыз айтқанда сөзге абай болу, кеңпейіл-кешірімді болу, ғайбат сөйлемеу, жамағатты береке-бірлікке шақыру, Алланың әмірін орындауда мүфтиятқа бағыну, дінді дәріптеуде бірлікте болу т.с.с) тәртібі мен тәрбиесі туралы ойларға да кеңінен тоқталды.

Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап берді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру