Наиб мүфти Иран елшісінің кеңесшісімен кездесті (ФОТО)

07 тамыз 2019 4151 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы Иран елшілігінің мәдени істері жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриай Заде мырзамен кездесті.Ресми кездесуге ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров та қатысты.

Екіжақты кездесу барысында тараптар қараша айында Иранда өтетін халықаралық конференция жайында әңгімелесті. Өз кезегінде Әли Кебриай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды осынау халықаралық конференцияға шақырып, игі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, наиб мүфти Бауыржан Есмахан ҚМДБ-ның жұмыс барысындағы бағыт-бағдарын тілге тиек етіп, діни саладағы ауқымды жобалармен таныстырып, т.б. мәселелер төңірегінде сұхбаттасты.Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру