Наиб мүфти Қарағанды қаласында семинар өткізді (ФОТО)

04 қазан 2018 5573 0
Оқу режимі

Қарағанды қаласында 2 қазан күні діни мәселелер бойынша IRG мүшелерін оқыту және қайта даярлау бойынша курсының екінші семинары өткізілді. Семинарда наиб мүфти Алау Әділбаев пен З.Сәттағанованың ислам тарихы негіздері және діннің Қазақстанда таратылуы жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, семинардың соңында Дінаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.Раздыкова практикалық сабақ өткізді. Сондай-ақ, Гүлназ Мақсұтқызы сабақтан кейін дәстүрлі емес ислам дінін ұстанатын әйелдермен кездесулер ұйымдастыруда.

Курс  барысында әртүрлі  сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Игілігі мол шарадан әркім өзіне керекті ақпаратпен танысып, білмегенін толықтырып қайтты.

Дереккөз: ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру