НАИБ МҮФТИ «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

20 қыркүйек 2024 81 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Астанадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты.

Жиналған көпшілік Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірге келген қасиетті Мәуліт айында екі дүние сардарының асыл дініміздің тірегіне айналған төрт хадисін тыңдап, оның шархын түсінді. Наиб мүфти Алла Елшісінің (с.ғ.с.) үмметіне қалдырған асыл мұрасын тілге тиек ете келе, пайғамбар сүннетін ұстанып, оның салып кеткен сара жолын жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Жұма намазына келген қала жұртшылығы айтылған ғибратты үгіт-насихаттардан сусындап, мол рухани азық алып қайтты.

Пікірлер Кіру