НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ (ФОТО)

22 наурыз 2023 1518 0
Оқу режимі

Ұлыстың ұлы күнінде Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Мерекенің мейірін сезіндіре түскен жаймашуақ күн райы да, келушілердің көтеріңкі көңіл-күйлері де - мешіт ауласындағы ұлттық мерекенің маңызын аңғартып, мерейін асыра түсті.

ҚМДБ Астана өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесінде» жайылған тәтті тағамдар мен ыстық тамақтар, наурызкөже сынды ұлттық тағамдарымыз жамағаттың сауапқа толы сауда жасауларына себепкер болды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы келген  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы саудаға береке тілеп, біршама кітаптар сатып алды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру