НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ: БАСТЫ МІНДЕТ – РУХАНИ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ (ФОТО)

24 қараша 2022 1686 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Береке бастауы – бірлікте» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Қоғамды ізгілікке, жақсылыққа, әділеттілікке үндеудің маңызы ерекше. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында: «Адам толығымен жетілуі үшін ол көптеген мәселелерге тәуелді болады. Себебі, ол барлық қажетті нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды әрі қол жеткізе алмайды. Қауым адамдары бір-біріне көмек көрсетуі арқылы ғана кемелдікке жетіп, тыныштығын сақтайды және үйлесімді өмір сүреді» дейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты міндет – халықтың рухани бірлігін нығайту», – деді ҚМДБ Төрағасы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру