НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

15 сәуір 2023 2541 0
Оқу режимі

Бүгін Петропавл қаласында ислам өркениетіне арналған музей ашылды. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Айдарбек Сапаров пен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

1857 жылы салынған ғимарат бұған дейін зауыт қоймасы ретінде пайдаланылып келген болатын. Нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, күрделі жөндеуден өткен. Бұл нысан Соборлық мешіт ретінде тұрғызылған. Ғимарат зауыттың иелегіне берілгенімен Кеңестік кезеңде мұнарасы бұзылмаған жалғыз мешіт ретінде сақталыпты. Облыстық мұрағат директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша мешіт туралы деректер Омбы, Орынбор, Уфа архивтерінен қаралған. Қазіргі таңда музейге жәдігерлер жиналуда. Соның бірі 18 ғасырда басылған Құран кітап осында қойылыпты.

Айта кетейік 1921 жылы Петропавлда 9 мешіт болған. Соборлық мешіт құрылысы Петропавлда тұратын азиялық саудагерлердің есебінен жүргізілген. Сипаттамасына келсек мешіт бірқабатты тастан тұрғызылған. Құлшылық үйінің ғимаратында шеңбермен қоршалған және сыртынан шеңбер бойымен тастармен өңделген 8 тікбұрышты терезе бар. Бұл терезелер әлі күнге дейін сақталған. Мұнара бүйір жағында орналасқан.

Жаңа орталықты аралап, танысқан соң Бас мүфти музейге қажетті жәдігерлер беруге уәде етті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру