НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МӘУЛІТ КЕШІНДЕ 576-ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

29 қазан 2022 1971 0
Оқу режимі

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туылған Мәуліт айының құрметіне орай Астана төрінде өткізілген «Үмметін сүйген Мұхаммед» кешінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 576-пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.

«Зекет және қайырымдылық» қорының Астана өкілдігі мен «Асаруме» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастырған қайырымдылық көмегі Астана қаласының тұрғыны Төлепберген қабылдин есімді азаматқа бұйырды.

Тағдыр небір сынағына тап болса да, жеті бірдей баласын жалғыз өзі тәрбиелеп-өсіріп отырған Төлепберген Қабылдинге Бас мүфти ізгі тілегін білдіріп, баспаналы болуымен құттықтады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру