Наурызбай қажы Тағанұлы отбасымен «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқыды (ВИДЕО)

05 шілде 2019 7915 0
Оқу режимі

Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының отбасылық эстафетасын белгілі термеші Қоныс Жүсіп ағамыздан қабылдап алған ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жанұясымен бірге батырлар жырын жақсы білетінін байқатты.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Есіл жағасында жанұясымен бірге эпостық жырдан үзінді оқып, отбасылық эстафетаның кезегін белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім және Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының төрағасы Болат Мажағұлов отбасына жолдайтынын жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру