НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТАБИҒИ АПАТҚА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

04 қыркүйек 2022 1921 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, орталық «Әмит ишан» мешітінде жамағатпен бірге табиғи апатқа байланысты арнайы дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді. Сенен асқан құдірет иесі жоқ. Біз Сенен жерімізге төнген қауіптен құтқаруыңды сұраймыз. Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, өрттен аман еткейсің. Өртті ауыздықтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Өзің жар болғайсың. Әмин!» деп дұға етті Бас мүфти.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру