Наурызбай қажы Тағанұлы жат ағыммен істі болғандармен жекелеген кездесулер өткізді (фото)

16 қазан 2020 3204 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласына іссапары барысында УК-157\9 мекемесіне арнайы барып, теріс ағымның жетегіне еріп, бүгінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен жекелеген кездесулер өткізді.

Діни басқарма төрағасы әр азаматқа діннің насихатын жеткізді. Істі болғандар да өз кезегінде жаза басып, жаңылысқандарын мойындады. Жеке кездесу барысында олар Бас мүфтиге сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Еске салайық Атырау қаласындағы аталған түзету мекемесінде бүгінде жат ағым бойынша сотталған 20-дан астам азамат жазасын өтеуде.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру