«Нұр Астана» жамағаты имамға құрмет көрсетті (ФОТО)

25 қазан 2019 6340 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінің бұрынғы Бас имамы Асқар Мұқановты мешіт жамағаты қазақы салт-дәстүрімізге орай иығына шапан жауып, жаңа қызметіне шығарып салды. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, Асқар Мұқанов «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметінен босытылып, ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызыметіне ауысқан болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ерболат Жүсіпов Асқар Әбітайұлының екі жылға жуық уақытта атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жамағаттың атынан иығына шапан жапты. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов Асқар иманың мешіт тыныс-тірілігіне қосқан үлесіне ризашылық білдіре отырып, қала әкімдігінің алғыс хатын табыстады.

1

1

1

1

1

1

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру