Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жылдық қорытынды жиналыс өтті (ФОТО)

04 желтоқсан 2021 524 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен Елорда мешіттерінің жылдық қорытынды жиналысы өтті. Қорытынды жиналыс барысында қаладағы 12 мешіттің бас имамдары биылғы жылы атқарылған іс-шаралар есебіне тоқталып, арнайы слайд шоу арқылы жұмыс нәтижесінің суреттерімен бірге баяндап отырды.

Айта кетейік, еліміздегі құлшылық ордаларының қызметі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жеті бағыт бойынша жүргізіледі: Ақпарат және қоғаммен байланыс, Уағыз-насихат, Қайырымдылық, Оқу-ағарту, Рухани тәрбие – Ихсан ілімі, Дін мен дәстүр және діни теріс ағымдармен күрес.

Қаладағы 12 мешіттің бас имамдары осы аталмыш жеті бағыт бойынша жекелей тоқталып, Елорданың рухани өміріндегі жетістіктерімен бөлісті. Жиналыс барысында өкілдік тарапынан қосымша сауалдар қойылып, келесі жыл жоспарына енгізілетін ауқымды шаралар талқыланып, тапсырмалар берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру