Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қызметкерлері мен «Рухани жастар» еріктілер тобы #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты

30 шілде 2019 5313 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Cұлтан қаласында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Есіл, Қарасу өзендерінің маңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға 5 мыңнан астам халық жиналып, 16 тонна мусор жиналды.  "Нұр-Сұлтан" қаласы өкілдігі мешіттерінің қызметкерлері мен «Рухани жастар» қанатының еріктілер тобы да қатысты. Нұр-Cұлтан қаласының бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған «Рухани жастар» қанатының еріктілері бұған дейін бірнеше мәрте сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, қаладағы құлшылық ордаларына тазалық жұмыстарын өткізіп келген болатын. Экологиялық акцияға да еріктілер тобы түгелдей жұмыла атсалысып, сауапты іске өз үлестерін қосып қайтты.

Пікірлер Кіру