Нұр-Сұлтанда діни ғимараттардың «Ashyq» жобасы аясындағы жұмысы талқыланды

06 тамыз 2021 3741 0
Оқу режимі

Елорда санитарлық талаптарды түсіндіру мақсатында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген санитарлық нормалар мен шектеу шаралары түсіндірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиын елордалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың төрағалығымен өтті. Ол «Ashyq» жобасы аясында діни бірлестіктер нысандарының жұмысын ұйымдастыру қажеттігі туралы айтты.
Кеңес отырысына діни бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова қатысушыларға елордадағы пандемия кезінде шектеу және карантиндік шараларды сақтау тәртібін түсіндірді.

Іс-шара соңында мемлекеттік органдар мен кеңес мүшелеріне қауіпсіздік шараларын «ASHYQ» қосымшасы арқылы сақтап, діни ғимараттардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылды.

Дереккөз: astana.gov.kz

Пікірлер Кіру