Оқытушылар жаңа технологияны меңгере бастады (ФОТО)

16 қаңтар 2021 3944 0
Оқу режимі

Нұр-Мүбарак университетінде жоғары сапалы білім беру үшін бірнеше жаңартылған аудиторияға интерактивті дисплейлер орнатылып, мың қырлы сиқырлы «тақтаның» тілін меңгеру үшін оқытушыларға қосымша білім берілуде.

Интерактивті дисплей – сан түрлі қызметтік тетігі бар арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген «тақта». Оны нотбук, компьютерлер, смартфон арқылы да басқаруға болады. Бағасы арзан емес әрі технология білім беруде таптырмайтын жаңалық деуге болады.

Ғаламтормен ғана шектелмей, түрлі авторлық жобалар мен жеке шығармашылық нәтижелерін қолдануға мүмкіндік мол.  Білім беру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар компанияның жаңа өнімі 50 000 сағат, яғни 5 жыл үздіксіз қызмет етуге межеленген.

Жаңа технологияның тілін үйретуге келген компания өкілі Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорларына жан-жақты түсіндіріп, олар да өз сауалына жауап алуда. Егер түйткілдер туындаса, дәріс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осылайша оқытушылар ұжымы жаңа оқу семестріне үлкен дайындықпен кіріспек.

Дереккөз: Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру