Өзбек имамдарын суицидтың алдын алуға міндеттеді

10 тамыз 2018 8005 0
Оқу режимі

Өзбекстан имамдарын тұрғындар арасында өзін-өзі өлтірудің үлкен күнә екенін кеңінен насихаттап, тіпті үйлеріне барып үгіт жүргізуге міндеттеп отыр. Сондай-ақ, қасиетті жұма күндері айтылатын уағыз кезінде де үнемі ескертіп отыруы тиіс.

Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің мәлімедеуінше, бұндай шешім қабылдауға соңғы жылдары өзіне-өзі қол салу оқиғасының күрт көбейгені себеп болған. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтер бойынша, жыл сайын Өзбекстанда 100 000 жанға шаққанда 6 адам өзін өлімге қиятын көрінеді.

Айта кетейік, суицид көрсеткіші бойынша Өзбекстан Орталық азия мемлекеттері ішінде Қазақстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында орналасқан.

Пікірлер Кіру