Өзгелерге қиянат жасамай, үйде ғибадат ету – үлкен сауап

03 шілде 2020 6492 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

Бас мүфти сондай-ақ пандемияға байланысты ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесіел Үкіметінің қаулысы қабылданғанын, елдің амандығы үшін қабылданған құжаттарға бойұсыну әрбір мұсылманнның міндеті екенін атап өтті.

«Кеше еліміздің Үкіметі қоғамдық орындарға жиналмау қажеттігі  туралы арнайы қаулы қабылдады. Көпшілік нысандар қатарында құлшылық орындары да бар. Мешітте құлшылық ету – сауапты амал саналса, карантин жағдайында өзгелерге қиянат жасамай, үйде оқшауланып, ғибадат ету де – үлкен сауап.

Халқымыз осы сынақты да сабырмен еңсеріп, қалыпты өмір тіршілігінде, игі істерде басқосуды жазғай», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру