Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылдық мешітінің салтанатты ашылуы

26 шілде 2018 10106 0
Оқу режимі

2018 жылдың 20 шілдесінде мешіттің салтанатты ашылу шарасына «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» Корпоративтік қайырымдылық қорының Президенті Қайрат Айтбай, Павлодар облысы бойыншав Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілетті өкілі, «Машһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас Бертымуратов, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Абеуов Әзілхан қатысып, ауыл тұрғындары үшін осы маңызды іс-шарамен құттықтады.

Жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтардың алдында сөйлеген «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» Корпоративтік қайырымдылық қорының Президенті Қайрат Айтбай, осы іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, барлығына Алланың игілігін тіледі. «Мешіт - халықтың рухани байлығы». Онда біздің жастарымыз діни біліммен қатар, рухани және моральдық тәрбие алып, мұсылмандардың ең құнды қасиеттерін абырой және ізгілікке тәрбиелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), былай деді: «Аллаһ үшін кім мешіт салса, оған Аллаһ жұмақта бір үй салады».

Қайрат Айтбай мырза, өз сөзінде, Қор бүгінгі күнге дейін материалдық көмекке мұқтаж шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын 355-тен астам діни қызметкерге, сондай-ақ түзету мекемелерінде деструктивті ағымдарды ұстаушылармен жұмыс жасайтын теологтарға ай сайын қаржылай көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қор ғимаратты ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындарды өтеу үшін ҚМДБ жанындағы ҚР имамдардың біліктілігін арттыру Ислам институтына қайырымдылық көмек көрсетті. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қордың есебінен 200-ден астам имам біліктіліктерін арттырды.

«УАҚЫП» қайырымдылық қоры ай сайынғы қаржылай көмек алатын діни қызметкерлердің санын көбейтуді көздеп отыр.

Қайрат Айтбай мырза «УАҚЫП» Қазақстандық қоры Павлодар облысы бойынша 15 имамға ай сайын қаржылай көмек көрсетілетінін атап өтті. «Жаңадан ашылған мешіттің имамы ай сайынғы материалдық көмек алатын 16 имам болады және жылдың соңына дейін Иншаллах, біз бұл санды 20-ға дейін өсіреміз».

Облыстық «Машһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов, өзі туған ауылына қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдіріп, мешітті салған отбасыға мықты денсаулық, өркендеуі мен гүлденуін тіледі. «Аллаһ сездердің баталарыңызды қабыл етсін және сіздірді еңбектеріңізге сай марапаттасын!», - деп имам тіледі.

Мешіттің ашылуына ауыл тұрғындары, сондай-ақ аудан мен облыстың құрметті тұрғындары жиналды. Облыстың бас имамы жаңа мешіттің ғимаратында бірінші жұма намазын өткізді. Кездесу соңында «қазақша күрестен» спорттық шаралар өткізіліп, мерекелік ас берілді.

Тегтер: мешіт
Пікірлер Кіру