Павлодарлық кәсіпкерлер мешітке көлік сыйлады (ФОТО)

04 ақпан 2019 6600 0
Оқу режимі

Екібастұз теміржол саласына қатысты кәсіпорындарының басшылары ЖШС «Проммашкомплект» Ахонько С.Н., ЖШС «Railways systems KZ» Хачатурян А.В. және ЖШС «R.W.S.Wheelset» Слободов А.С. мырзалар Екібастұз қалалық мешітіне келіп, ауданымызға қарасты ҚМДБ «Зекет» қорының басшысы Макимов Шыңғысқа қызметтік «Нива» автокөлігін сыйға тартты.

Мешіттің бас имамы Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы «Зекет» қорының өкіліне рахметін айтып, оған қайырымдылық жасау қызметінде сәттілік, отбасыларына аманшылық, денсаулық және мол табыс тіледі.

 

Дереккөз: Екібастұз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру