Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалы Көкшетау жамағатына көрсетілді (ФОТО)

11 желтоқсан 2019 5928 0
Оқу режимі

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті сақал шәріпі – бізге жеткен ең құнды жәдігерлердің бірі. Атбасар өңірінде сан ғасыр бойы сақталған бұл асыл дүние Мүфтияттан Мәуліт мерекесіне орай Көкшетау қаласына әкелінді. Осы күні Науан хазірет мешітіне Пайғамбардың қасиетті сақал шәріпін көруге келген қауым да аз болмады. Облыс имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының ұсынысымен әкелінген асыл жәдігер Мәуліт мерекесінің тағылымын арттыра түсті.

Жұма намазы алдында ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев мұсылман үшін аса қастерлі дүниенің тарихынан сыр қозғап, жан-жақты ақпарат берді. Арнайы қорапшаға салынған күміспен күптелген шыны түтікше бір тал сақал шәріпті сақтап келеді.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит Бас мүфтиге Көкше жұртының ұсынысын жеткізіп, асыл жәдігердің Науан хазірет сияқты ұлылардың еліне әкелінуіне үлес қосты. Бұл айшықты оқиға Мәуліт мерекесінің тағылымын арттырып, оған тәнті болған жұрт жақсы пейілмен тарап жатты.

Пікірлер Кіру