ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАРИЛАР ЖАМАҒАТТЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ (ФОТО)

05 сәуір 2024 330 0
Оқу режимі

Қадір түнінде «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран Хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен дұға жасалған болатын. Мыңдаған жамағат қол жайып, Аллаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауих намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, биыл мешітіміздегі тарауих намаздарын «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Садырханов Жұманазар қари; Мысыр елінің тумасы, «Әл-Азхар» университетінің «Құран тәпсірі» және «Қырағат» бөлімінің ұстазы, Құранның 10 қырағатынан ижазалы мужиз қари Доктор Ясир Ахмад Ассутухи; «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі Мұратов Теміржан қари, IX Республикалық Құран жарысында «Мәнерлеп оқу» номинациясында жүлдегер атанған Рысбек Әділет қарилар жүргізген болатын.

Алланың сөзін жаттаған қариларға Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

 

Пікірлер Кіру