Қадір түні Елорда мешіттерінде 16 000 жанға тегін сәресі берілді (ФОТО)

01 маусым 2019 7354 0
Оқу режимі

Қасиетті Қадір түні Алланың жердегі үйі – мешіт біткен жамағатқа лық толып, сауапты түнді сап түзеген қалыпта қарсы алған мүміндер қатары жыл санап көбейе түскендей. Еліміздегі құлшылық ордаларынан бұл түні ине шаншар жер табу қиын. Сауабы мың жылға татитын берекелі түнді барынша құлшылық-ғибадатпен әсемдеп, уағыз-насихат тыңдап, тағылымды өткізуге тырысқан жандардың көптігі сонша, бұл түні көлемі жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ «Әзірет Сұлтан» мешітінің өзі жамағатқа тарлық етіп жатады. Осы себепті де бұл түні Бас мешіт ауласына арнайы төсеніштер төселіп, іштегі имам уағызын тікелей көрсетіп тұратын LED экрандар қойылып, жамағатқа жайлылық жасалып келе жатыр. Бүгінде бұл игі бастама Елордамыздағы басқа құлшылық ордаларында жалғасын тауып, жамағат ризашылығын тудырып келеді.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осыдан бірер жыл бұрын қасиетті Қадір түнінде жамағатқа тегін сәресі таратылып басталған болатын. Биылғы жылы бұл шара Елордамыздың барлық мешіттерінде өткізіліп, Қадір түнінің берекесін арттыра түсті.

Екінті уақытынан бастап мешіт ауласында арнайы дастархандар әзірленіп, әр құлшылық ордасы қасиетті Қадір түніне қызу дайындықпен кіріскен болатын. Ұлық түннің құрметіне орай берілген сәресі жамағатқа жылу сыйлап қана қоймай, уақыт үнемдеп, сауапты түнді барынша ізгі амалдармен өткеруге көп септігін тигізді.

«Әзірет Сұлтан» – 4 000 адам.

«Нұр Астана» –  2 000 адам.

«Ғылмани» – 5 000 адам.

«Әлжан ана» – 2 000 адам.

«Шейх Кунта қажы» – 1200 адам.

«Ырыскелді қажы» мешіті – 500 адам.

«Ақмешіт» – 400

«Әс-Сәлам» мешіті – 320 адам.

«Төлебай» мешіті – 300 адам.

«Әл-Ғани» мешіті – 230 адам.

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру