Қадір түні қариларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

31 мамыр 2019 7551 0
Оқу режимі

Қасиетті Қадір түні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым аяқталып, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің қатысумен дұғасы жасалды. Мыңдаған жамағат қол жайып, Жаратқанға жалбарынған сауапты сәттен соң қасиетті Рамазан айы бойы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауих намаздарын өткізіп, Құран кәрімді хатым еткен қариларымызға құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, биылғы жылы Бас мешіттегі тарауих намаздарын өткізуге елімізге белгілі, атақты қарилар Ерсін Әміре, Жұманазар Өсерханұлы, Мұртаза Ертайұлдары шақырылған болатын. Ұлық ай бойы Бас мешіт жамағатын әуезді мақамымен ұйытып, жүректерге Құран үнін жеткізген қариларға Бас мүфти Серікбай қажы ораз жамағат атынан алғыс білдіріп, қазақы дәстүрімізге иықтарына шапан жапты.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру