ҚАДІР ТҮНІНДЕ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ 5000 АДАМҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

05 сәуір 2024 283 0
Оқу режимі

Исі мұсылман үшін маңызды әрі қадірлі болған Қадір түніне арналған рухани іс-шара «Әзірет Сұлтан» мешітінде  таң намазына дейін жалғасты.  

Айта кетейік, қасиетті Қадір түніне орай «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей эфир ұсынып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының Қадір түніне арналған құттықтауларын жеткізді.

Мешітімізде өткен рухани іс-шарада Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, таңғы уақыт жақындағанда қасиетті түнді Алланың үйінде өткізген 5000 жамағатқа сәресі таратылды.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение 9 человек, кекс, толпа и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение 6 человек

Возможно, это изображение 6 человек, свадьба и помост

 

Пікірлер Кіру