ҚАЛА БАС ИМАМЫ «AL-FATTAH» МЕШІТІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

20 шілде 2024 774 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов елордадағы «al-Fattah» мешітіне бақылау-басқару бағыты аясында ат басын бұрып, құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Мешіт бас имамы Бағдат Әбдікәрімов құлшылық ордасының жай-күйімен таныстырып, өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов тиісті тапсырмалар беріп, олқылықтарға жол берілмеу керектігін қаперге салды.

Артынша өкіл имам жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жасады.

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

17 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру