ҚАЛА БАС ИМАМЫ ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ҮЙДЕ БОЛДЫ (ФОТО)

05 қаңтар 2024 874 0
Оқу режимі

ҚМДБ, Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бүгін Астана қаласының шетіндегі ауылдардың бірінде болып  өрт зардабынан үйі жылусыз қалған, көп балалы, жалғызбасты анаға  қаржылай  және азық-түлікпен көмек көрсетті. Қақаған қыста үйі жылусыз қалған анаға моральдық демеу көрсеткен бас имам алда оның бала-шағаларына қыстық жылы киімдер жеткіздіріп беретінін және  үнемі назарда ұстап қолдау-көмектер жасап тұратынын айтты.

Пікірлер Кіру