ҚАЛА БАС ИМАМЫ «ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ТАҒЫ БІР БӨЛІМШЕСІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

02 қазан 2023 1008 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бүгін Астана қаласындағы «Татуласу орталығының» тағы бір бөлімшесінің жұмысымен танысып, арнайы кездесіп қайтты.

Асыл дінімізде Алла рұқсат еткен, алайда ұнатпайтын амалдың бірі – ажырасудың алдын алып, талай жас шаңырақтың түтіні түзу шығуына толағай үлес қосып келе жатқан орталықтың жұмысымен жақынырақ танысып, ғимарат бөлмелерін де аралап шықты.

Желтоқсан көшесінде орналасқан бөлімше жанындағы Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қызметкерлерімен де жүздесіп, бірқатар жұмыс жобаларын талқылады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру