ҚАЛА БАС ИМАМЫ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

29 қыркүйек 2023 1231 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бүгін Қалалық сот жаныдағы Татуласу орталығымен жұмысымен танысып қайтты. 2019 жылдан бері жол іздеген жас жұбайларға жәрдем көрсетіп келе жатқан орталықтың үйлестірушісі Лейла Зинашевамен жүздесіп, жұмыс бағыттары жайлы тыңдады.

Кездесу барысында жас отбасылар арасындағы ажырасудың алдын алып, біріге жұмыс істеу мақсатында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігімен өзара келісім жасауға уағдаласты. Алдағы уақытта Татуласу орталығының бас кеңсесімен де байланыс орнатып, өзара меморандумға қол қою шарасы да айтылды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру