ҚАЛА БАС ИМАМЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДІҢ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЖИЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
12 маусым 2024
1216
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының өкілі Ерболат Жүсіповтың қатысуымен «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының әйел ұстаздарына арнайы жиын өтті.
Жиында бас имам өкілдікке қарасты мешіт ұстаздарына балаларға дәріс беруде есте сақтау қажет болған маңызды мәселелерді айтып өтті. Атап айтсақ, балаларға діни білім берумен қатар тәрбие мәселесін де жіті бақылауда ұстау және ең бастысы бүлдіршіндердің қауіпсіздігі мен денсаулығы екенін қаперге салды.
Сондай-ақ, биыл қолданысқа еніп отырған «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Имандылық әліппесі» оқулығын таныстырып өтті. Жиын соңында ұстаздарға қойылатын жауапкершілік пен міндеттің үлкен екенін айта келе, сауапты да жауапты қызмет жолында өзара бірлесіп іс атқаруға шақырды.
Пікірлер
Кіру