Қар тазалаушыларға жылу сыйлаған шара өтті (ФОТО)

04 наурыз 2020 4714 0
Оқу режимі

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының қызметкерлері еріктілермен бірге елорда көшелерінде қар күреп жүрген коммуналдық қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, ыстық шай таратты.

Көктемнің алғашқы күндерінде елордада күн шығып тұрғанымен, қыстың суық ызғары әлі де сезіледі. Биылғы қыстың ерекшелігі – қалың жауған қармен күресіп жүрген коммуналдық қызметкерлердің көбісі әйелдер болып шықты. Қор қызметкерлері осындай ауыр еңбекпен адал ризық тауып жүрген нәзік жандарды алдағы мерекемен құттықтап, кішігірім сыйлықтарын сыйлады. Өз кезегінде жұмыскерлер тосынсыйға қуанып, алғыстарын жаудырып жатты.

«Зекет» қоры «Жылулық сыйла» акциясы аясында қыстың мезгілінде мұқтаждарды отынмен қамтамасыз етіп, суық күндері адамдарға мейірімділік, қуаныш сыйлау ары қарай да өз жалғасын табады.

Дереккөз: ҚМДБ «Зекет» қорының баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру