Қарттар күніне орай шәкірт әжелерге құрмет көрсетілді (ФОТО)

01 қазан 2022 2661 0
Оқу режимі

1 қазан – Қарттар күніне орай орай бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен шәкірт әжелерге құрмет көрсетілді. Мешіт ұстаздарының ұйытқы болуымен Діни сауат ашу курсында дәріс алып жатқан қарияларға арнайы дастархан жайылып, гүл шоқтары таратылды.

Шара барсында «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері қарияларға құттықтау лебіздерін білдіріп, жиылған жамағатқа үлкендерді құрметтеудің асыл дініміздегі орны мен маңыздылығы жөнінде насихат айтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру