ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

09 қазан 2023 1296 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бүгін Елорда іргесіндегі Көктал шағынауданындағы Қарттар үйіне қиярат жасап, қарияларды бір қуантып қайтты. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған дін қызметкерлері қарияларды өткен мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.

Астана өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қарияларға арнап мерекелік дастархан жайылып, ән мен жырдан шашу шашылды. Сондай-ақ, орталықтағы 40 қарияға арнайы сыйлық пакеттері берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру