ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

11 сәуір 2023 1718 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен Елорда маңындағы «Көктал» ауылында орналасқан «Шарапат» қарттар үйінде ауызашар дастарханы жайылды. Сондай-ақ, мешіт имамдары қазыналы қарттар үйінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп  келе жатқан 10 қызметкерге арнайы сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.

Игі шараға Астана қаласы Дін істері басқармасынан Нұрдәулет Иманәлі мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкері Жомарт Анарбеков қатысып, дастархан басында уағыз-насихат айтты.  40 адамға жайылған ауызашар дастарханында дәстүрлі әндер мен күйден шашу шашылып, қариялар көңіліне шуақ сыйлады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру