Қасиетті мерекеде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды (ФОТО)

11 тамыз 2019 5414 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі жылдағы дәстүр бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұлттық нақышта әрлене түсті. Мешіт ауласына айт мейрамына орай арнайы қазақ үйлер тігіліп, айтшылаған халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Бір-бірін бауырға басып, айтпен құттықтаған жамағатқа толған мешіт ауласындағы мереке көрігін қайырымдылық жәрмеңкесі де қыз-қыз қайната түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен жамағатының, еріктілер тобының бастамасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке сөрелері бұл жолы да өз келушілерін түрлі тағамдарымен қарсы алды. Қолдан пісірілген тәтті өнімдердің түр-түрі, буы бұрқыраған ыстық тағамдар, ұлттық сусындар мен өнімдер алушылардың алғысын ғана тудырып жатты.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мейірімділік мекені» жобасы аясындағы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржы тұрақты түрде науқас сәбилердің саулығына жұмсалып келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру