Қасиетті Рамазан қарсаңында 40 отбасыға қуаныш сыйлады (ФОТО)

30 наурыз 2022 3016 0
Оқу режимі

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Түркия Дін істері басқармасы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабы мен қасиетті Құран кәрім тарту етілді. Сондай-ақ, әр отбасыға қаржылай көмек те қоса берілді.

Сауапты шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдік бойынша жауапты қызметкері Мерей Жақия қатысып, қайырымдылық шарасын маңызын айтып, келе жатқан Рамазан айымен құттықтады. Түрік елінен келген сәлемдеменің жайын түсіндіріп, жамағат атынан алғыс білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру