Қасиетті жұма «Қайырымдылық жәрмеңкесімен» әрленді (ФОТО)

05 қараша 2021 4739 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті. Мешіттің әйел шәкірттері мен ұстаздарының қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиылған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті.

Сондай-ақ, жәрмеңке сөрелерінен түрлі діни әшекей заттар мен әдеби-рухани кітаптар, мұсылман әйеліне арналған киімдер де орын тауып, керегін тапқан келушілердің ризашылығын тудырды.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі әр апта сайын жұма күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру