Қасиетті жұма «Қайырымдылық жәрмеңкесімен» нұрлана түсті (ФОТО)

14 ақпан 2020 5186 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін «Қайырымдылық жәрмеңкесі» болып өтті. Бас мешіттің әйел жамағатынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке барысында жамағатқа түрлі тәттілер мен ыстық тағам түрлері, қолдан әзірленген тоқаштар мен түрлі өнімдер ұсынылды.

Сондай-ақ, шариғат талаптарына сай тігілген киім-кешек түрлері мен қолөнер туындылары, діни әшекей заттар мен түрлі косметикалық өнімдер де жәрмеңке сөрелерінен орын алып, жамағат үшін сауапқа толы сауда жасауға жол ашты.

Бұдан бөлек, жәрмеңке аясында діни және рухани пайдалы кітаптар да сатылып, келушілерге рухани пайда келтірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру