ҚАСИЕТТІ ЖҰМАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

21 қазан 2022 2605 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жұма намазына келуші жамағатқа әйел ұстаздар мен шәкірттер қауымы өздері әзірлеген түрлі тағамдар ұсынып, сауапты сауда жасауға шақырды.

Айта кетейік, жәрмеңкеден жиналған қаржыны қалыптасқан үрдіс бойынша Әйел-қыздар секторы қайырымдылық шарасына жұмсап, қорытынды есебін жариялап келеді.

Жәрмеңке сөрелерінде тек тағам түрлері ғана емес, діни әдебиет пен түрлі бұйымдар, киім-кешек түрлері де табылып, сауда көрігін қыздыра түсті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру